Археологтар Алтай мен Сібір өңірлерінде және Енісей жағалауында табылған тарихи ескеткіштерді зерттеу барысында тастар бетінде бал арасы бейнеленгендігін айқындаған. Осыған тәріздес тарихи ескерткіштер Алтайдағы Телец өзенінің маңайында табылды. Алтай тұрғындарының тілдерінде бүгінгі күнге дейін бал арасы өмірімен байланысты кейбір сөздер қолданылады.

 

Осы және басқа да фактілер көне заманнан бері Қазақстандық Алтай аумағында бал арасы мекендеуінің белгісі деп санайды зерттеушілер. Бірақ, Алтай аумағында омарта кәсібінің ауыл шаруашылық саласының бір бөлігі ретіндегі даму кезеңі Қазақстан аумағына бал араларды басқа жерлерден алып келгеннен кейін басталды. Тарихи деректерден байқасақ Өскемен қамалының коменданты Николай Федорович Аршеневский бал арасын Киевтен алып келуге тапсырыс берген. Бұл оқиға шамамен 1786 жылы орын алған.

 

Осыдан кейін біраз уақыт өткеннен кейін Өскемен балы халық арасында атаққа ие бола бастады. Омарта кәсібімен айналысатын адамдар саны көбейе бастады. Оңтүстік-Батыс Алтайда бастау алған қазақстандық омарташылық кейіннен Сібірге, Жетісуға және Орта Азия аумақтарына тарады. XIX ғасырдың басында Алтай аумағында 86 мың ара ұяшығы болса, 1870 жылы оның саны 400 мыңға дейін өсті. Аз уақыт ішінде омарта кәсібі халыққа танылып, ауыл шаруышылығының айнымас бір бөлігіне айналды. 1812 жылы алғаш рет жәрмеңкеге шығарылған Қазақстан Алтай балы, дәмі мен сапасы жағынан тұтынушылардың көңілінен шықты. Алтай омарталарының танымалдығы өсіп, мыңдаған тонна бал мен балауызды Бұқтырма, Ульба, Оба және Ертіс арқылы Сібірге жеткізіп, ол жерден Ресейдің батысына қарай жеткізу қажеттілігі туындап жатты. Айта кетсек, 1834 жылы Бұқтырма маңайындағы омарта шаруышылықтарынан жәрмеңкелерге 12 мың пұт жоғары сапалы бал жеткізілді.

 

1802 жылы Енісей губерниясының Ащы уезінде, 1806 жылы Тобыл, ал 1823 жылы Красноярск маңайында омарта шаруашылықтары ашылды. XIXғасырдың жартысында омарташылық Батыс Сібір жерінде кеңінен таралды. Уақыт өте келе омарта шығысқа қарай тарады. 1859 жылы аралар Байкалға, ол жерден 1869 жылы Амур өзенінің аумағына және 1890 жылдары Оңтүстік Уссурияға жеткізілді. 1848-1850 жылдары арасында ара кәсібі Өскеменнен еліміздің оңтүстік өңірлеріне қарай бет бұрды. Қапалға жеткізілген аралар, 1856 жылға қарай Алматы аумағына тарады. Жетісудан омарта кәсібі Орта Азияға тарап, 1872 жылы Ташкентте, ал 1894 жылы Бұқарада омарта шаруашылықтыраы ашылды.

 

Өскемен қаласы алтайлық, қазақстандық және сібірлік омарташылықтың ғана отаны болмай, Б. Герасимов, П. А. Ермаков, Е. Н. Зандрок, Т. Д. Копырин, Е. П. Михаэлис, Д. Г. Панкратьев, А. И. Федоров, А. С. Хахлов, И. Шавров сияқты омарта ісінің зиялылары енгізген кәсекті омарташылықтың отаны болып саналады.

Галиции жүйесіндегі кәсектік ұяшықтары бар алғашқы омарта шаруашылығы 1860 жылы Өскемен маңайында орналастырылды. Кейін кәсектік ұяшықтар Сібірге тарап, 1866 жылы Кузнецк қаласының жанында Губердің кәсектік ұяшықтарымен жабдықтандырылған омарта шаруашылығы ашылды. Сол кезден бастап осы жүйені Бии және Барнауыл округтерінің омарташылары қолдана бастады. Тоқсаныншы жылдардың орта шенінен бастап кәсектік ұяшықтар Омбыға, Көкшетауға, Павлодарға, Петропавловскқа және Солтүстік Қазақстанның басқа да өңірлеріне тарады.   

 

 

 

 
 
 
 
 
Яндекс.Метрика