2010 жылы Қазақстанның омарташылығы үшін үлкен өзгерістер алып келетін «Бал-Ара» Қазақстан ұлттық омарташылар Одағы құрылып, ара шаруашылығы саласын қайта өркендету мақсатында бағдарламалар жазыла бастады.
Сол жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы және Қазақстан ұлттық омарташылар одағы арасында жасалған Серіктестік және ынтымақсатық жөніндегі Меморандум біздің елдегі омарташылық саласының дамуына үлкен серпін берді. Бұл серіктестіктің басты мақсаты – алдағы он жылда Қазақстанды омарташылық державаға айналдыру және әлемнің 10 ірі бал өндіруші мемлекеттер қатарына енгізу. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін алда тұрған тапсырмаларды жүйелі түрде шешу қажет. Алғашқысы, Тұқымдық шаруашылықпен айналысатын зауыттар мен омарталарды ашу қажет; «бал конвейерін» ұйымдастыру қажет; омарта өнімдері жайлы халық арасында насихат жүргізу және оны сату; бал экспортын жандандыру бойынша жұмыстар атқару.
Айта кетсек, омарташылықты дамыту мемлекеттің ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасымен сәйкес келіп отыр. Омарта ісін дамытудағы ең ұзақ жобалардың бірі – еліміздегі тұздалған жерлер көлемін (5 млн. га) азайту мақсатында түйе бұршақпен және басқа да бал нәрлі өсімдіктермен егу және оларды ауыл шаруашылығы айналымына қайтару болып табылады.
2011 жылы Аргентинада өткен 42-ші Апимондия Халықаралық омарташылық бірлестіктері федерациясының конгрессі барысында, «Бал-Ара» Қазақстан ұлттық омарташылар Одағы осы ұйымның қатарына мүше ретінде ресми түрде қабылданды.
Омарта ісімен айналысам деушілерге Қазақстан ұлттық омарташылар Одағы осы мамандықты иеленуге кеңестік көмек беруге дайын.
Одақ қызметінің басты бағыттары:
Қазақстан Республикасы омарташыларының күшін өзара қызмет жасауы үшін шоғырландыру, омарта саласында жаңа технологияларды енгізу мақсатында отандық және шет елдік ғылыми мекемелерімен жұмысты ұйымдастыру, ауылшаруашылық дақылдардың өсімін тозаңдандыру арқылы көбейту мақсатында салалық ауылшаруашылық қызметтерімен өзара жұмысты ұйымдастыру.